10 қазан 2017 11:28

"Жеке жауап бересіздер". Сағынтаев бензин жағдайына байланысты министрлерге ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ведомство басшыларына "жауапкершілікті басқа біреуге артып қойған жағдайда" әрқайсысы жеке-жеке жауап беретінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ведомство басшыларына "жауапкершілікті басқа біреуге артып қойған жағдайда" әрқайсысы жеке-жеке жауап беретінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық министрдің назарына. Сіздер өздеріңізге сеніп тапсырылған салалардағы жағдайға толықтай жауап бересіздер. Сіздерге қажетті өкілеттік пен мүмкіндіктер берілді. Жауапкершілікті басқа біреулерге артып қою жарамайды. Жеке жауап бересіздер", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Осыған дейін Сағынтаев "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президент Данияр Берлібаевты бензин тапшылығына байланысты қызметінен босатуды тапсырған болатын. Сондай-ақ, премьер-министр ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізетінін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети