15 маусым 2019 23:26

Желіде жеке парақшаны қалай жүргізу керек. Этно стильде өткен семинар-тренингтен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында "Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту" бойынша этно стильде семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысында "Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту" бойынша этно стильде семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" КММ "Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру" әлеуметтік тапсырыс аясында "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" ЗТБ "Жергілікті өзін өзі басқару мектебі" үшкүндік оқыту семинары аясында, әлеуметтік желіні пайдалану жолдары түсіндірілді.

Меркі ауданында "Мейірім Меркі" сауықтыру орталығында өткен жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша семинар-тренинг барысында елімізге танымал блогер-тренер Нұрлан Жаңай жүргізді. Ол әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді. "Әлеуметтік желі психологиясы", блогерлік өнер, пост жазу әдістері, жазылмаған ережелер, нетикет, әлеуметтік желілерге шолу жасаудағы өз тәжірибесін бөлісті.

Мәселен, ол Іnstagram желісінде салынатын фотосуреттердің сапалы болуы керектігін тілге тиек етіп, оның астына жазылатын посттың қысқа-нұсқа болуы қажеттігін жеткізді. Себебі бұл желі фотоға негізделген. Сондай-ақ Facebook желісінде салынатын жазбаның сапалы әрі Instagram желісіне қарағанда мәтін көлемді болуы керектігін сөз етті.

Жалпы, аталған желіде видео салудың қажеттілігі жоқ екен. Әрине, мұндай қарапайым ережелерді жастар көбіне ескере бермейтіні анық. Сондықтан жастар саясатының басы-қасында жүрген мамандардың осындай ережелерді ескеруі міндетті. Сонымен қатар, ғаламторда этикет, қалай дұрыс жазу керектігі, үтір-сызықша қалай қолдану керектігі айтылды. Қазіргі таңда, көптеген жастар әлеуметтік желіде дұрыс жаза білмейді. Мысалыға алатын болсақ "бара жатырмын" деген сөзді "баратырмын" деп сауатсыз жеткізеді.

Нұрлан Жаңай өз сөзінде "Бұл дүние - үлкен базар, біреу сөзін, идеясын сатса, ал кейбірі ғаламтор арқылы киімін сатады", - деген болатын.

Расында, әлеуметтік желіде жарнама, таргетинг арқылы өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған бизнесмендер жетерлік. Өз кезегінде семинарға қатысушы Үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, Азаматтық қоғам өкілдері, Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері, "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері тақырыпқа қатысты сұрақтарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. Семинар-тренингтің екінші күні Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Мәтен де қатысып, жастармен пікірлесіп, ойларын тыңдады. Өз кезегінде басқарма басшысы жастардың әр бастамасына қолдау болатынын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Блогер-тренер Нұрлан Жаңай әлеуметтік желідегі жеке парақшаға қойылатын фотоларды дұрыс қою қажеттігі туралы тәжірибелерімен бөлісті. Ол өз сөзінде жеке парақшаға қойылатын басты фотода адамның бет әлпеті толық көрінуі қажеттігін тілге тиек етіп, алыстан түсірілген суреттерді пайдалану дұрыс еместігін жеткізді.

"Жеке парақшаны жүргізуде адамның басты фотосы үлкен маңызға ие. Себебі оның парақшасына кірген адам тұлғаны тани білуі қажет. Сондай-ақ парақшалардағы мәліметтерді көп жазудың да керектігі шамалы. Мәселен, кейбіреулердің парақшаларына кірсең резюме секілді көрінеді. Ол жерге толық қысқаша ғана жазылса жеткілікті. Сосын Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақша ашқанда "ов", "ев", "ова", "ева" деп жазбаған жөн. Осы әлеуметтік желілер арқылы осындай тіркестерден бас тартуымыз керек", - деген блогер жеке парақшаны ашу жолдарындағы басқа да ескеретін жайттарға кеңінен тоқталды. 

Айта кетейік, Тараз қаласы мен аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері мен жауапты мамандары, мемлекеттік қызметшілер қатысқан жиында қоғамдық кеңестің Q-kenes.kz сайты таныстырылып, онда қалай жұмыс жасау қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ, аталған сайтта барлық аудандағы қоғамдық кеңес мамандарының кез келген уақытта кіріп, керекті ақпаратты орналастыруға мүмкіндіктері бар екені жан-жақты айтылып, жолдары көрсетілді.

Тілге тиек ете кететіні, қазіргі таңда сайтта түрлі бағыттарда айдарлар орналастырылып, қоғаммен кері байланыс орнату жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ республикалық, облыс пен аудан көлеміндегі жаңалықтармен тұрақты түрде толықтырылып, "Сұрақ-Жауап", "Қоғамдық бақылау" айдарлары жұмыс атқарады. Сонымен қатар, онда өзекті мәселелерді талқылау бойынша мақалалар, мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік-құқықтық актілер жарияланып отырады. Осындай ақпараттарға толықтай қаныққан қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, электронды ақпарат түрін халық пен мәслихат депутаттары арасында кеңінен насихаттап, кері байланыс құралы ретінде қолдануды жолға қою қажеттілігі айтылды. 

Үшінші күні шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев келіп, жастармен жүздесті. Департамент басшысы жастармен кездесуінде облыста атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, ауқымды жұмыстарды іске асыру кезінде әлеуметтік желінің маңыздылығына тоқталды. Осылайша, ол жастардың әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану білу керектігін айта келе, кез келген тұлғаның қойған сұрағына жеке өзі жауап беретінін жеткізді.

Семинар-тренинг жұмысы қорытындыланып, қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттар табысталды. Өз кезегінде, әр ауданнан келген қатысушылар шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.


Сурет "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети