Жемқорлыққа қарсы ведомство төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

05 Желтоқсан 2014, 19:09
0
Жемқорлыққа қарсы ведомство төрағасының орынбасары қызметінен босатылды - Марат Ахметжанов. ©np.kz
Марат Ахметжанов. ©np.kz

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ахметжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ахметжанов әр жылдары Теміртау прокуратурасы тергеушісі, Қарағанды облысы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Бас прокуратурадағы аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші қызметтерін атқарды, сондай-ақ Ішкі істер, Әділет министрліктерінде түрлі лауазымда болды. Ол Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы болып та жұмыс істеді. 

Бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен Андрей Лукин босатылған еді. Кейін ол Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай