03 қыркүйек 2019 11:28

Жеңіс Қасымбек әуе билеттерінің неге қымбат екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек қазақстандық әуетасымалдаушылар билеттерінің бағасы қымбат болуының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек қазақстандық әуетасымалдаушылар билеттерінің бағасы қымбат болуының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Билеттердің жоғары құнының негізгі проблемалары тасымалдау сыйымдылықтарының тапшылығы және қолда бар сұранысты қанағаттандыру үшін әуе кемелерінің жетіспеушілігі болып табылады", - деді Қасымбек.

Ол тарифтердің құнын төмендету мақсатында мамыр айында алғашқы отандық Fly Arystan лоукостері іске қосылғанын еске салып өтті. Әуекомпания жыл соңына дейін күнінен орындалатын рейстер санын екі есе (14-тен 28-ге дейін) ұлғайтуды көздеп отыр.

"Үкімет "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-мен бірлесіп әуе кемелері паркін ұлғайту мақсатында Air Astana және Qazaq Air авиакомпанияларын қосымша капиталдандыру жоспарланған. Сондай-ақ, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтауды ескере отырып, авиа отынының бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады", - деп уәде берді вице-премьер.

Ол темір жол билеттерінің тапшылығы мен заңсыз делдалдық әдістердің алдын алу мақсатында билеттерді сатуды цифрландыру жүргізіліп жатқанын, сату тәртібін реттейтін норма енгізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әуебилеттерінің бағасы қымбат болуына шағымданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети