1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек Геннадий Головкинге қандай уәде берді?

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebok желісіндегі парақшасында Геннадий Головкинмен кездескені туралы жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады. Келесі жылы атақты "Литейщик" стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім", - деп жазды облыс басшысы.