19 қыркүйек 2019 18:21

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жеңіс Қасымбек осыған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Жеңіс Қасымбек 44 жаста, Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "сәулетші-дизайнер" мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998 жылы "Темірбанк"ААҚ бас маманы болды. 1998-2000 жылдары - ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлім басшысы. 2000-2004 жылдары - ҚР ККМ су көлігі департаментінің директоры. 2004 жылдан 2005 жылға дейін - "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры. 2005 жылғы қарашада Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды. 2009 жылдың наурыз айынан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2014 жылдың наурыз айында көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, ол Инвестициялар және даму министрі болды, кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы болды. Ақпан айында Президент Жарлығымен Жеңіс Қасымбек премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Ерлан Қошановты 18 қыркүйекте Президент Әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Қошанов 2017 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімі лауазымында жұмыс істеді. Әр жылдары ол ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің Кеңсесін басқарды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети