09 мамыр 2014 18:00

Жеңіс күні әскери жылдардағы әндер заманауи сипатта орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды

Жеңіс күні астаналықтар заманға лайық өңделген соғыс жылдарындағы әндерді тыңдайтын болады, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Астана қалалық әкімшілігінің сайтына сілтеме жасап.  


Жеңіс күні астаналықтар заманға лайық өңделген соғыс жылдарындағы әндерді тыңдайтын болады, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Астана қалалық әкімшілігінің сайтына сілтеме жасап.  

9 мамыр жеңіске жетер жолдағы барлық қиындықтарды есімізге түсіретін ұлы мереке. Жас буын өкілдері бұл күнді қадір тұтып, Ұлы Отан соғысына қатысқандар бастан кешкен сұрапыл әскери жылдарды ұмытпауы тиіс.

Бірнеше жылдан бері елордада соғыс ардагелеріне құрмет көрсетіліп келеді, ұлы жеңіс күні мадақталуда. Бүгінгі мерекелік кеште әкімдік алдындағы қалалық алаңда Жеңіс күніне арналған концерт өтеді. Шара барысында вокалдық аспаптар ансамблі әскери жылдардағы әндерді орындайды, жасы, кеңінен танымал орындаушылар, елордалық және Қазақстанның өзге өңірлерінен келген музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді. Көпшілік алдында Asem және "Тенгри" тобы, «ANISSA» тобы, Артём Романов және т.б. ән шырқайды. Бұл күні концертке қатысушылар өз өлеңдерінен басқа, міндетті түрде әскери жылдардағы әнді өз ырғағына салып айтады.

Айта кетейік, концерт өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді дамытуға және тарих пен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген құрметті насихаттауға бағытталған. Еске салайық, мерекелік концерт сағат 19.00 қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети