19 наурыз 2014 17:13

Жергілікті билік жемқорлыққа жиі жол беріп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото finance.nur.kz сайтынан Фото finance.nur.kz сайтынан

Жергілікті жерде сыбайлас жемқорлық үшін ұсталған әкімдік қызметкерлерінің саны көбейіп келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) ақпараттық-сараптама департаментінің бастығы Олжас Бектеновке сілтеме жасап. Оның айтуынша, жергілікті билік сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама аясындағы іс-шараларды дұрыс атқармай жатыр. Әкімдіктер, көп жағдайда, тиісті шараларды атүсті өткізе салады. "Соның салдарынан жемқорлыққа қатысты жағдай қиындап кеткен. Жергілікті атқарушы органдар қатарындағы жемқорлық қылмыстарының көбеюі соның бір дәлелі болса керек. Осылайша, өткен жылы барлық деңгейдегі әкімдік қызметкерлеріне қатысты 660 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жемқорлыққа белшесінен батқан барлық мемлекеттік қызметкерлердің 46 пайызын құрайды", - дейді О.Бектенов. Департамент басшысы атап көрсеткендей, жергілікті биліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан (140) облысында тіркелген. Одан кейін Шығыс Қазақстан (91), Атырау (90), Жамбыл (89), Қостанай (86) және Павлодар (71) облыстары келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети