1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жеті елдің мергендері "Алтын үкі" жарысында бақ сынасады

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2016 жылғы маусымның 20-сы мен 24-і аралығында Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығының базасында "Алтын үкі - 2016" VIII халықаралық мергендік жұптар жарысы өтеді. Жарысқа әлемнің 7 елінен 19 команда қатысады. Олар - Қытай, Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Ұлыбритания, Пәкістан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күштік ведомствалары.

Аталған жарысты Түркия мен Үндістан елдерінің өкілдері бақылайтын болады. Биылғы жылғы мергендік жұптар сайысының басты ерекшелігі барлық қатысушылардың өз қаруларымен келетіндігінде болып отыр. Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтыққа жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудан үздік атақ үшін күресетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы "Алтын үкі - 2015" жарысында Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері жеңімпаз атанып, алтын кубокты иеленді. Әр кезең жоғары деңгейдегі төзімділікті, күш-жігерді, сапалы командалық жұмыс пен әр қатысушының жақсы даярлығын талап етеді.