27 ақпан 2014 | 12:46

Жириновский сөзі Еуразиялық интеграцияға жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастырады - сенатор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет news.nur.kz сайтынан Сурет news.nur.kz сайтынан

Еліміздің бір топ сенаторлары Үкімет басшысынан ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийді Қазақстанға кіргізбеуді сұрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Владимир Жириновскийдің 23-ақпандағы сөзі қазақстандық қоғамда аса жағымсыз реакция тудырды. Оның "Ортаазиялық федералды округ" туралы айтқанын Қазақстанның және Орталық Азиядағы басқа да мемлекеттердің егемендігіне, тәуелсіздігіне, оның аумақтық тұтастығына қол сұғушылық деп қарамауға болмайды. Мемлекеттік Дума төрағасы орынбасарының, парламенттік партия басшысының, белгілі саясаткердің мұндай мәлімдемелері Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық сипаттағы ынтымақтастықтағына қайшы келіп қана қоймайды, бұл - халықаралық құқықтың негізін қалайтын нормалары мен принцптеріне мүлдем кереғар", - деді бүгін ҚР Премьер-Министрінің атына сауал жолдаған сенатор Орынбай Рахманбердиев. Осы ретте сенатор мұндай мәлімдеменің Қазақстан аумағына да таралатын "Ресей-24" телеарнасынан жариялануы жұртшылықтың абыржуына сеп болғанын алға тартады. "Сондықтан да, біздің жұртшылық телеарнаның позициясын Ресей тарапының ресми ұстанымы ретінде қабылдауы да мүмкін", - деді Орынбай Рахманбердиев. Бұдан бөлек, Сенат депутаты Қазақстанға қатысты бірнеше мәрте жағымсыз сөздер айтқан Жириновский әрекетінің екі көршілес мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығына сызат түсіріп қан қоймай, "Ресейдің өзінің халықаралық позициясына да селкеу түсіретінін" атап өтті. Оның айтуынша, осы тақылеттес мәлімдемелер Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық прогреске де жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастырады. "Осыған орай, құрметті Серік Нығметұлы саясаткер В.Жириновскийді Қазақстан Республикасының аумағына кіргізбеу туралы тапсырма беруіңізді және мұндай арандатқыш сөздерден еліміздің ақпараттық кеңістігін қорғауды сұраймыз", - деді Орынбай Рахманбердиев. Сауалға бірқатар палата депутаттары қолдап, қол қойған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети