Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жоғалып кеткен тараздық студент үйінен қашып кетіп, жүкші болып жұмыс істеген

15 Наурыз 2016, 14:17
0
Виктор Прокопенко. © Vk.com
Виктор Прокопенко. © Vk.com

2 наурызда жоғалып кеткен тараздық студент Виктор Прокопенко Алматыдан табылды. Жігітті полицейлер үйіне әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Виктор өзін іздейтінін білмеген. Осы уақыт бойы ол базарда жүк тасушы болып жұмыс істеп, реті келген жерде түнеп жүрген. Жігіт істеген ісіне өкініп, әрекетінің дұрыс болмағанын мойындады.

"Жігіттің мұндай әрекетке баруына әкесімен арадағы жанжал себеп болған. Оқудан шығып, өз бетімен ақша тапқысы келген Викторға әкесі рұқсат бермейді. Осыдан кейін жігіт ойланбастан әрекет етеді", - деді полицейлер. 

Жас жігіттің әкесі де баласының үйіне оралуына байланысты пікір білдірді. "Аздап қыдырған екен. Өз бетімен өмір сүргісі келіпті. Оны үйге әкелді. Іздеу жұмыстарын тоқтатуға арыз жаздым. Балам Таразда жұмыс іздеген еді, дегенмен жақсы жұмыс табу үшін Алматыға кетуді ұйғарған екен. Оқуын бітіруге бір жыл қалды. Сабағын жалғастырады деп ойлаймын", - деді ол.

Еске салайық, 19 жастағы Виктор Прокопенко 2 наурызда жоғалып кетті. Жас жігіттің әкесі Теngrinews.kz тілшісіне Виктордың 2 наурызда колледжге кетіп, сол күйі оралмағанын айтып берді. Студент программист мамандығы бойынша білім алады екен. Сабақтан кейін таныстары Викторды оқу ғимаратына жақын маңнан көрген. Кейін ол із-түссіз жоғалып кетеді.

Ер адамның айтуынша, сол күні Виктор телефонын үйге тастап, тек сим-картасын алып кеткен. Ал жоғалып кетерден бір апта бұрын "ВКонтакте" әлеуметтік желідегі парақшасын және телефонынан WhatsApp қосымшасын өшіріп тастапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай