27 қараша 2014 15:34

Жоғалып табылған әскеридің туыстары оның туған күнін өзгертпекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Сұрағанов. ©mgorod.kz Арман Сұрағанов. ©mgorod.kz

Сержант Арман Сұрағановтың туыстары жарты жыл жоғалып кетіп табылуына байланысты оның туған күнін өзгерткелі отыр, - деп хабарлайды "Мой город". Әскери қызметші 13 тамызда туған, бірақ туыстары ол табылған күн - 23 қарашаны Арманның екінші рет дүниеге келген күні деп отыр. 

Сержанттың отбасы оның есімін өзгертуді де қалайды. "Жуырда құжаттарымызбен халыққа қызмет көрсету орталығына барамыз. Оның есімін Қуаныш деп өзгеркіміз келеді. Біз үшін оның тірі оралуы - үлкен қуаныш. Бұл - оның қайтадан туылғаны", - дейді Ақтөбе әскери комиссариаты қызметкерінің әкесі. 

Еске сала кетейік, 33 жастағы әскери 15 мамырға қараған түні жоғалып кеткен еді. Оның жұмыс орнынан қан іздері мен сынған телефон табылды. Ер адам алты жарым айдан кейін Хромтау маңынан табылды. 23 қараша күні кешкісін жартылай жалаңаш, жүдеп-жадаған қызметкерді тас жолдан өтіп бара жатқан жүргізуші көріп қалады. Сұрағанов 30 келіге арықтап кеткен, шашы иығына дейін өсіпті. Ұрлап әкеткендер оны Қостанайда гаражда қамап ұстады деген дерек бар. Сержант үнемі таяқ жеп отырған, оған күніне бір-екі рет қана тамақ берілген.

Тергеудің мүддесіне байланысты полицейлер әзірше қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр, сержанттың туыстары Сұрағановтан жиі жауап алынып жатқанын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети