24 қазан 2014 10:11

Жоғарғы сот алқабилер тізіміне қылмыскерлердің енуі жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sotreport.kz ©sotreport.kz

ҚР Жоғарғы сотының өкілдері Маңғыстау облысында алқабилер тізіміне қылмыскерлердің, нашақорлар мен қайтыс болғандардың енуі жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алқабилерді жергілікті атқарушы органдар таңдаған болатын.


ҚР Жоғарғы сотының өкілдері Маңғыстау облысында алқабилер тізіміне қылмыскерлердің, нашақорлар мен қайтыс болғандардың енуі жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алқабилерді жергілікті атқарушы органдар таңдаған болатын.

Жоғарғы сот өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайлар алқаби болуға үміткерлер тізімін жасақтаудың бастапқы кезеңінде ғана кездесуі мүмкін. Ал сот отырысын өткізерде алқабилер қатарынан қылмысты болғандар, нашақорлар мен қайтыс болған адамдар міндетті түрде шығарылады. "Маңғыстау облысындағы алқабилер тізімінде қылмыскерлер мен өліп қалғандар жүр" деген мақалада аталған мәселелер жергілікті атқарушы органдарға алқабилер қатарына үміткерлердің алдын ала тізімі тапсырылған алдыңғы жылдары болған. Оның үстіне, сотта алқабилер құрамына қылмыскерлер мен қайтыс болғандарды заңсыз қосу деректері соңғы екі жылда тіркелмеді", - делінген Жоғарғы соттың Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында. 

Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 желтоқсанға қарай келесі жылға арналған алқабилер үміткерлерінің алғашқы, бірыңғай тізімін жасайды. "Әкімдіктер тексеріс үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан сұрай алады", - дейді баспасөз қызметкерлері.

Алқаби болуға үміткерлер тізіміне 25-ке толмаған, сотталғандығы алып тасталмаған немесе жазасы өтелмеген және сот қабілетсіз деп тапқан адамдар алынбайды. Бұған қоса, тізімге судьядар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, құқық қорғау органы жұмысшылары мен наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғандар да енбейді.

"Жергілікті атқарушы орган тізім жасап, алқаби болуға үміткерлердің заң талабына сәйкес келуін тексереді. Бұл жұмыс жүргізілгеннен кейін тізім сотқа жолданады. Бұл тізімге енуге тиісті емес адамдардың алқабилер құрамына өтіп кетуі тек тізімді қалыптастырудың бастапқы кезеңінде ғана болуы мүмкін", - деді Жоғарғы сот өкілдері.

Еске сала кетейік, Ақтауда алқаби болуға үміткерлер қатарынан кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның анықталғаны хабарланған еді. Ақтау прокурорының айтуынша, бұл жайт сот шешіміне күмән келтіріп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети