18 қаңтар 2019 12:33

Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды

Владислав Челах. © Tengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстанның Жоғарғы соты Владислав Челахтың ісін қайта қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Жоғарғы соты Владислав Челахтың ісін қайта қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірді.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы оның ісін 2019 жылдың 22 қаңтарында қарайды", - деп хабарлады Жоғарғы соттағылар.

Ведомство мәліметінше, сотталушы сот отырысына қатыспайды. "Ол видеобайланыс арқылы шыға алады. Бұл мүмкін, бірақ оны сот шешеді", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, сот шекарашыны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Челах 2012 жылдың мамыр айында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталды. Апелляциялық және кассациялық сот алқасы оның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram