12 шілде 2016 12:07

Жоғарғы сот мүгедек қызды ұрды деп жұмыстан шығарылған мұғалімге қатысты істі қарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәбірленуші Дильназ Досжан Жәбірленуші Дильназ Досжан

Балқашта мүгедек қызды ұрды деп айыпталған мұғалім жұмыс істейтін гимназияның әкімшілігі Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Балқашта мүгедек қызды ұрды деп айыпталған мұғалім жұмыс істейтін гимназияның әкімшілігі Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Балқаш қаласындағы гимназияның директоры ҚР Жоғарғы сотына Қарағанды облыстық сотының Батила Едіресованы қызметке қайта алу туралы шығарған шешіміне шағым түсірді", - деп хабарлады басқармадағылар.

Осыған дейін гимназия директоры Бикен Дүйсебаев мұғалімнің жұмыстан босатылуы туралы шешім қызметтік тексерістің барысында қабылданғанын айтқан еді. Яғни, ол "Тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайды" бабы бойынша жұмыстан босатылған болатын.

Айта кетейік соттың бұл шешімімен келіспеген мұғалім сотқа бірнеше рет шағым түсірген. Содан апелляциялық инстанция 2016 жылдың 30 мамырынан оны бастауыш сыныптардың мұғалімі қызметіне алу туралы шешім қабылдаған.

"Өз кезегінде гимназия басшылығы Едіресованың Жоғарғы сотқа шағым түсіру арқылы жұмыстан босатылуын заңды шешім деп отыр. Бұл мәселе білім басқармасының бақылауында", - деді ведомстводағылар.

Еске салайық, бұл жағдай Балқаш қаласындағы гимназияда болған. Төртінші сынып оқушысы Дильназ Досжанның анасы сынып жетекшісі қызын ұрды деп айыптаған еді. Кейіннен мүгедек қызды ұрғаны үшін жұмысынан қуылған мұғалімге қатысты жаңа деректер шыққан болатын. Дильназ Досжан туғалы бері дәрігерлердің бақылауында болған. Ол жүрегіне күрделі ота да жасатқан. Дәрігерлер қыздың жүрегіне арнайы аппарат қойған, соның арқасында қыз қатарластарынан кем емес. Сонымен қатар, қыз өкпенің обструктив, поликистоз және тыныс жеткіліксіздігімен ауырады екен. Науқастығына қарамастан қыз Балқаштағы гимназияда оқыды. Қыздың анасы Назима Досжанованың айтуынша, жарты жыл бұрын оның қызы жаңа қиыншылықтарды басынан өткерді. Қыз маңдайынан алған жұдырықтан жабық бассүйек ми зақымын алған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети