24 қараша 2014 18:25

Жоғарғы сынып оқушыларының ҰБТ-ға көңілі толмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Білімді бағалау әдісі ретінде ҰБТ-ға қазақстандық жоғарғы сынып оқушыларының көңілі толмайды. Бұған Назарбаев Университеті ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде көз жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білімді бағалау әдісі ретінде ҰБТ-ға қазақстандық жоғарғы сынып оқушыларының көңілі толмайды. Бұған Назарбаев Университеті ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде көз жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің оқушылар ҰБТ форматындағы емес, олардың шығармашылық мүмкіндіктері бағаланатын емтихандарды тапсыруға дайын және ниетті. Мысалы, оқушылар батыс ЖОО-ларындағы сыни ойлау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін эссе жазу жүйесін енгізуді ұсынды, онда белгілі бір оқу орны мен мамандықты не себепті таңдағанын көрсетеді. Демек, бес пән бойынша ақпаратты жаттап алуға итермелейтін механизм оларды қанағаттандырмайды", - дейді Назарбае Университеті Білім беру жоғары мектебінің кіші ғылыми қызметкері Айжан Омарбекова Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақстандағы орта білім беру мазмұнын қазіргі заманғы реформалар контексінде жетілдіру" жобасы туралы айта отырып.

Жоба жетекшісі - Білім беру жоғары мектебінің ғылым департаментінің директоры Қайрат Құрақбаевтің айтуынша, ҰБТтапсыру кезінде ХХІ ғасырдың дағдылары - коммуникация, еркін ойлау және ынтымақтастық машықтарын көрсету мүмкін емес, оқушыларды бұл да мазалап отыр.

"10-11-сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама балалардың бес пәнді таңдауда үлкен еркіндікті қалайтыны байқалды, олар ҰБТ-да ұсынылатын пәндер тізімімен шектеліп қалмай, өнермен, музыкамен байланысты пәндерді де қарастырғысы келеді", - деді ол.

Құрақбаевтың айтуынша, сауалнамаға Қазақстанның әр аймағынан 10-11-сыныптарда оқитын 876 оқушы қатысты. Бұған дейін елімізде 2015 жылдан бастап, ҰБТ форматының өзгеретіні хабарланған еді. Атап айтқанда, емтихан екі кезеңге бөлінеді: біріншісі - мектепті тәмамдағаннан кейін Білім және ғылым министрлігі белгілеген бес пән бойынша тест тапсыру, екіншісі - ЖОО-ға түсуде бейінді пәндер бойынша тест тапсыру. Түлектің білімі оның келешек мамандығы аясында егжей-тегжейлі бағаланатын болады, сонымен бірге, оның дағдылары мен құзыреттілік деңгейі де ескеріледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети