Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жоқ жерге өтініш жазған алматылықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын тежеді

10 Маусым 2016, 12:01
0
© Youtube кадрынан алынған сурет
© Youtube кадрынан алынған сурет

Алматыда жеке тұрғын үй құрылысын салуға бос жер телімдері жоқ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің өкілдері жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласында жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған бос жер телімдері жоқ. Қазақстандықтарға Алматы қаласының ұнайтыны сөзсіз, ойын-сауық жағынан болсын, еңбек ету немесе жеке бизнес ашу мақсатында да қолайлы болып қала бермек. Мысалы, соңғы 10 жылда Алматы қаласында көптеген азаматтың атынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін беру туралы өтініштер түсті. Алайда, бос жер телімдері болмағандықтан, белгіленген заңнама бойынша біз жер телімдерін беруден бас тарттық. Осы жылдың мамыр айының ортасынан бастап, жер телімдерін алғысы келген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына кедергі келтірді. Қызметкерлер оларға мемлекеттік қызметті көрсете алмаған. Бүгінде жер қатынастарының басқармасы төрт мыңға жуық өтінішті қарап шықты, орта есеппен алғанда әр ауданнан 500 адамның өтініші қаралды", - деді Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының міндетін атқарушы Алтынбек Ахметов.

Бұған дейін Алматы қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке тұрғын үй құрылысын салу мақсатында 10 гектар жер телімін алуға азаматтардың тізімге тұрғаны айтылған болатын.

Сонымен қатар, жер реформасы жөніндегі отырыста жер телімін алуға өтініш білдіргендердің 45 пайызы Алматы қаласының тұрғындары емес екені айтылды және олардың өтініштері отбасының әрбір мүшесінің атынан жазылыпты.

Ахметовтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындарға белгілі бір бағамен жер телімдерін алуға немесе тізімде өтініштерін алға жылжытуға көмектесемін деп уәде беретін адамдар пайда болды. Комиссия мүшелері оларды алданбауға шақырды.

Алматы қаласының 2016 жылдың 10 маусымындағы  жер қорының көлемі 68 351 гектарды құрайды. Олардың 36 451 гектары 2011-2014 жылдар аралығында Алматы облысына берілген екен. Ахметовтың айтуынша, бұл жерлер не жалға беріліп қойған немесе біреудің меншігінде. 

Жер комиссиясының отырысын қорытындылай келе, Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов азаматтардың өтініштерінде жеке тұрғын үй құрылыс салуға арналған жерлерді беруден бас тарту туралы ұсыныс пен насихаттық жұмыстарды күшейту де ұсынылғанын айтып өтті.

Тегтер:

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай