Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Жол апаты құрбандарының 25%-ы жылдамдық салдарынан болады

05 Ақпан 2014, 15:21
0
"СТВ" телеарнасындағы "Кәсіби әңгіме" бағдарламасы
"СТВ" телеарнасындағы "Кәсіби әңгіме" бағдарламасы
Адам өліміне соқтыратын жол-көлік оқиғаларының 25%-ы жылдамдықты асырып жүретін жүргізушілердің кесірінен болады. Бұл туралы Жаннат Ертілесованың "Кәсіби әңгіме" бағдарламасының эфирінде ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеханың айтуынша, бүгінде жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болатындардың саны 100 мың адамға шаққанда 18 адамды құрайды. "Жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарға соқтыруының негізгі себебі - жүргізушілердің жылдамдық режимін бұзуы, барлық оқиғаның 25%-ы осы себептен болды, бұл оқиғалар 900 адамның өмірін жалмаған, жол-көлік оқиғаларының 10%-ы қарама-қарсы бағытқа шығып кетудің салдарынан болады, мұндай себептен болған апаттардан 500 адамның өмірі қиылды", - дейді бағдарлама қонағы.

Комитет төрағасының айтуынша, барлық жол апатының 3%-ы алкогольден мас күйде рульге отырудың салдарынан болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселесіне қатысты басқа да жайттарды бүгін "СТВ" телеарнасының эфирінде сағат 20.30-да көрсетілетін "Кәсіби әңгіме" бағдарламасынан толығырақ біле аласыздар. Хабарға Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов та қатысты.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай