04 тамыз 2017 09:28

Жол апатынан екі аяғынан айырылған алматылық қыз үй жағдайында жаттығулар жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екатерина Парафиева Екатерина Парафиева

Алматы орталығында болған жантүршігерлік жол апатының салдарынан екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева жасап жатқан жаттығуларының суреттерін көрсетті,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы орталығында болған жантүршігерлік жол апатының салдарынан екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева жасап жатқан жаттығуларының суреттерін көрсетті,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық қыз Instagram желісіндегі парақшасында жаттықтырушы Владимирмен бірге түскен суреттерін жариялады. Ол өз оқырмандарына жаттығуларды бастап кеткенін айтты.

Осыған дейін алматылық қыздың ауруханадан шығарылғаны хабарланған болатын. "Жақсы жаңалықтарымды айтайын. Бүгін Қалқаманға ауыстырды, № 1 Қалалық Клиникалық ауруханаға реабилатацияға. Бұл қуантпай қоймайды, бұл менің қалпыма келудегі жаңа кезең", - деген еді Екатерина Парафиева.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети