19 маусым 2017 15:57

Жол апатында екі аяғынан айырылған қызбен бірге болған құрбысы жаңа деректерді айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Костанай ТВ © Костанай ТВ

Алматыда қорқынышты жол апатында Honda көлігін соққан Toyota Camry жүргізушісі зардап шеккен қыздың отбасынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жол апатында Екатерина Парафеева екі аяғынан айырылған еді.


Алматыда қорқынышты жол апатында Honda көлігін соққан Toyota Camry жүргізушісі зардап шеккен қыздың отбасынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жол апатында Екатерина Парафеева екі аяғынан айырылған еді.

"Жүргізуші кешірім сұрады, - деді қыздың ағасы Евгений Парафеев. - Бірақ кімнің қаншалықты кінәлі екенін полиция анықтайды. Біз олармен сөйлеспедік, ол тек кешірім сұрады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында хаттама толтырылды. Тергеуде кімнің кінәлі екені анықталады. Нақты фамилиялары аталса, әділдік үшін күресеміз, айыпты тарап шығынды өзі жабуы тиіс. Бұл жағдайға бірнеше фактор әсер етті. Мұнда жалғыз адамның кінәсі емес. Люкті ашық қойған биліктің де кінәсі бар шығар. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша нақты шешім шығады: кімнің айыпты екені, кімнің жол қозғалысы ережесін бұзғаны, мұндай апатқа ненің себеп болғаны. Бірнеше кінәлі болуы мүмкін". 

Евгений Парафеевтің айтуынша, оқиға болған күні кешкі уақытта люк жабылған. Айтуынша, люкті кімнің не үшін сол күні жапқаны жұмбақ қалып отыр. 

"Люк сынған, оны суретке түсіріп алдық. Хаттамада сынған люк жайлы жазылған. Ал кешкі уақытта оны жөндеп қойыпты. Бұл жоспарлы жөндеу болды ма, әлде шұғыл жөндеген бе - айта алмаймын. Жаңа асфальт төсеп, жаңа люк қойылыпты", - деді ол.

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыздың отбасы протездеуге мемлекеттен ақша аламыз деп үміттеніп отыр. Евгений Парафеев әкімдік өкілдерінің зор қолдау көрсетуге уәде бергенін мәлімдеді. 

Катерина ауруханаға түскен сәтте қымбат тұратын дәрі қажет болды. Шамамен 200 мың теңгеге бірнеше ампуласын сатып алдық. Бұл қаражатты достарымыз бен туыстарымыз жинап берді. Бір жылға созылады деген реабилитацияға мемлекеттің қанша ақша беретіні әзірше белгісіз", - деді қыздың ағасы.

Евгений Парафеев қазіргі таңда шамамен 7 миллион жиналғанын хабарлады. 

"Біреулер киви-әмиянымызды және карталарымызды бұзбақшы болды. Себебі нөмір мен карталар түрлі сайттарда жарияланған. Адамдар телефон соғып, ақау болды деп, ұялы телефоныңызға келген пин-кодты айтуды сұрап жатыр. Бастапқыда мұның не екенін түсінбедім, бірақ пин-кодты ешкімге айтпадым. Қаражат анамның депозитінде тұр, оны сенбі күні аштық. Нақты сомасын білмеймін, біреулер маған әкеледі, кейбіреулер қарындасыма әкеледі, анама ақша күйінде апарып беріп жатырмыз. Көмектесіп жатқандар көп. 7 миллионға жуықтады. Қажеттінің барлығын алдық, ота тегін жасалды. Ақша кейінгі реабилитацияға, протезге жұмсалады. Бұл ұзақ уақыт", - деді ол.

Ал тағы бір зардап шеккен қыз Найля Қажыбаеваның шешесі Гуля Мұхтарова оқиғаның мән-жайын айтып берді: "Қызымның айтуынша, олар әл-Фараби даңғылымен бара жатқан. Олар бірге жұмыс істейді. Артқы дөңгелегінің жарылғанын байқаған. Көлік солға бір, оңға бір тартып, түзу жүрмей қалған. Олар көлікті тоқтатқаннан кейін тоқтаған, Катя жүксалғыштағы апат белгісін алып, жол бойына қойғысы келді, олар жүксалғышқа жақындаған кезде соққы болған. Менің қызым ұшып кеткен, ал Катя екі көліктің ортасында қалып қойған. Олар люкке түсіп кеткен, дөңгелек жарылған соң 150 метрден кейін көлікті тоқтатқан", - деді зардап шеккен қыздың шешесі.

Гуля Мұхтарованың айтуынша, қызының жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

"Бір ғана сұрағым бар: Жолдарда неге мұндай жағдай болады?" Ер адамдар да мұндай жағдайда көлікті бұрып үлгермейтін еді. Әркім өз жұмысы үшін жауап беруі тиіс. Пікірім осындай. Қазір қызымның тірі екеніне бір Аллаға алғысымды айтамын. Бірінші кезекте қызымның өмірі. Люктің осылай ашық қалып қойғаны алаңдатады", - деді ол.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі қыз да ауруханада ауыр халде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети