20 қазан 2018 18:09

Жол бойына тұрақтауға болмайды. ІІМ өкілдері хабарламаға жауап берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол бойына тұрақтауға болмайды делінген хабарламаны ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жол бойына тұрақтауға болмайды делінген хабарламаны ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап кеткен хабарламада Қазақстанда 19 қазаннан бастап арнайы "автотұрақ" белгісі болмаса көлікті жолдың бойына қоюға болмайды деп жазылған.

"Қайтадан фейк хабарлама! Бұл 2014 жылғы жаңалық, кейінірек ол "Жол жүрісі туралы" заңнан алынып тасталған", - деп түсіндірді Лукьянина Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, жақында қазақстандықтар жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткендерге 70 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы WhatsApp желісінде хабарлама тараған. Ол да жалған болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети