13 шілде 2015 10:02

Жол қозғалысы ережесінің техникалық байқау мен сенімхатқа байланысты өзгерістері күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Жол қозғалысы ережесінің өзгерістері ресми түрде 13 шілдеде күшіне енді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің координациялық-құқықтық басқармасының басшысы Қанат Сәдуақасов айтып берді.


Қазақстанның Жол қозғалысы ережесінің өзгерістері ресми түрде 13 шілдеде күшіне енді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің координациялық-құқықтық басқармасының басшысы Қанат Сәдуақасов айтып берді.

"Жол қозғалысы туралы" Заңның осыған дейін жазылып қойған заңдары үш түрлі өзгеріске қатысты болып отыр: автомобильді жүргізуге сенімхат, техникалық байқаудан өту міндеті және тоқтауға және тұраққа тоқтауға тыйым салу. Еске салайық, бұл заңға 2014 жылдың желтоқсанында қол қойылған болатын, соңынан Жол қозғалысы туралы ережелеріне сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.  

Осылайша, 13 шілдеден бастап автомобиль жүргізуге сенімхаттың болуы туралы қойылатын міндет алып тасталды. Сонымен қатар, шыққанына жеті жылдан аспаған жеңіл көліктердің техникалық байқаудан өту міндеттілігі де күшін жойды және жол бойында немесе тұрақта тоқтауға салынатын тыйым күшін жойды.

Қанат Сәдуақасов қоғамның қала ішінде шамын жағып жүруді міндеттейтін норманы алып тастауға белсенді түрде тырысып жатқанын айтып берді. Алайда, ІІД өкілінің айтуыншп, бұл мәселені билік әзірше қараған жоқ. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети