Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Жоламанов ісі бойынша сотталушыға дәрігерлердің көмегі қажет болды

23 Ақпан 2015, 11:51
9
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сотталушы Қайрат Балмағамбетовтің жағдайы сот отырысы кезінде күрт нашарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта өтіп жатыр.

23 ақпан күні тараптар қатар тыңдалуы керек болған, бірақ отырыс сағат 14.00-ке шегерілді, оған Балмағамбетовтің өзін жайсыз сезінуі себеп болды. Оның адвокаты таңертеңнен бері жүрегінің ауырып тұрғанын айтқан. Судья Ербол Ахметжанов сотталушыдан "Медициналық көмекті қажет етесіз бе?" деп сұрады. Балмағамбетов көмекке мұқтаж екенін айтты. 

Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні ҚР ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы басталды. Істің тағы бір фигуранты - Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Айып бойынша Жоламанов 300 мың доллардан астам пара алған, ол 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр.

Сотта Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады, ол мұны саяси тапсырыс деп атады. Балмағамбетов кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (9)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай