05 ақпан 2014 14:19

Жолаушымен қырқысқан бортсерік жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

"Эйр Астананың" жолаушымен жанжалдасқан бортсерігі жұмыстан уақытша шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тілшілерге бұл туралы әуе компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева айтты. Вице-президенттің хабарлауынша, компания қызметкері қазір медициналық куәландырудан өткізіліп жатыр. "Кеше жолаушымен бірге алкоголь сынағынан өтті, нәтижесінде екеуінен де алкоголь анықталмады. Құқық қорғау органдары мен "Эйр Астана" тексеру жүргізіп жатыр", - деді ол. Тормышеваның айтуынша, бортсерік әзірше жұмыстан шеттетілді. Бір қызығы, куәгерлердің дені жанжалды байқамаған. "Мен бортқа кірген кезде екеуінің сөйлесіп тұрғанын көрдім. Бір мезетте полицейлер келіп, бәріне шығуды бұйырды. Адамдар не болғанын сұрастырып жатты, көпшілік ештеңе түсінбей қалды", - дейді жолаушы Әлібек Ыбыраев. "Әдетте бортсеріктер билеттерді тексереді, қандай орын екенін сұрап, "қош келдіңіз" дейді. Бұл жолы олар өзара сөйлесіп тұрды. Жолаушы әлденені түсіндіргісі келді, өз басым жанжалды көрмедім, біз салоннан шыққан кезде оны алып кетті. Негізі, жолаушылардың дені оны қолдады, жанжал болмағанын айтып арыз жазды", - дейді Ыбыраев. Еске сала кетейік, кеше - 4 ақпан күні "Эйр Астана" компаниясының өкілдері Алматы - Астана бағытындағы рейс басталарда эконом-класс жолаушысы Мұрат Қарымсақов пен бортсерік арасында жанжал болғанын хабарлаған еді. Олардың айтуынша, жолаушы бортсерікті ұрып жіберген. Бірақ Қарымсақов бортсеріктің өз өтінішіне дөрекі сөйлегенін, ал өзінің оны ұрмағанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети