02 қыркүйек 2019 22:18

Жолдаудағы мәселелер жүзеге асса жұмыссыздар саны азаяды - Ректор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Әмірбекұлы Ержан Әмірбекұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Онда елдің әлеуметтік саласына, білім беру мен денсаулық сақтау саласымен бірге мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінгенін байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Онда елдің әлеуметтік саласына, білім беру мен денсаулық сақтау саласымен бірге мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінгенін байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауы туралы өз ойымен бөлісті. Стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған Президенттің алғашқы жолдауында еліміз қажет ететін бір қатар күрделі мәселелердің шешімі қамтылып отырғанын айтады.

"Әсіресе, білім беру сапасын жақсарту тұрғысында айтылған нұсқаулықтары мына біз, білім саласы қызметкерлерінің көңілінен шығып отыр. Жолдаудағы мәселелер қарқынмен жүзеге асса елімізде жұмыссыз жүрген жастардың саны азайып, білімді, кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар саны артары сөзсіз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз сөзінде, "Дипломмен - ауылға" бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керек,- депатапөтті. Расында қазір ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы айқын байқалады. Сондықтан бұл жолдада біздің оқу орыны атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі күшейтіп, белсінділікті арттырмақ", - дейді Ержан Әмірбекұлы.

Жолдауда атап көрсетіліп, үкіметке тапсырма ретінде берілген - білім және жұмыспен қамту, еңбек ақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы - міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.

Енді айтылған міндеттерді қажырлы еңбекпен, бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Нәтижесінде, мемлекетіміздің даму жолытағы да бір сатыға көтерілетіні анық.

Еске салайық, 10 тамызда Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны хабарланған болатын. "2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети