Жүк көлігінің жүргізушісі павлодарлық шенеунік пен оның отбасының өлімі үшін сотталды

27 Желтоқсан 2018, 19:28
0
Жүк көлігінің жүргізушісі павлодарлық шенеунік пен оның отбасының өлімі үшін сотталды - Ардақ Райымбеков. © pavlodar.gov.kz
Ардақ Райымбеков. © pavlodar.gov.kz

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан шенеунік пен оның отбасы қайтыс болған оқиға бойынша жүк көлігінің жүргізушісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы Аққулы аудандық соты жол апатына кінәлі делінген 51 жастағы ер адамға сот үкімін шығарды. Еске салайық, жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапқан, оның ішінде үш жасар бала да бар. 

"Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылсын. Сонымен қатар, ол көлік жүргізу жұмысымен айналысуына 5 жыл тыйым салынсын", - деп оқыды Аққулы аудандық сотының судьясы Бибігүл Сәбитденова. 

Ер адам жазасын қауіпсіздігі минималды қылмыстық-түзету мекемесінде өтейтін болады. "Зардап шеккен тараптың 20 миллион теңге моральдық өтемақы талап ету арыздарының тек бір бөлігі ғана қанағаттандырылды. Сот күдіктінің зардап шеккен тарапқа моральдық өтемақы ретінде төрт миллион теңге төлеуін міндеттеді", - деді сот өкілдері. 

Сот отырысы кезінде ер адам өзінің кінәсінен жол апаты болғанын мойындады. Соталды тергеу шаралары барысында жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне өтіп кеткені анықталды. 

Айта кетейік, жол апаты Павлодар - Семей тасжолында болды, онда автокөлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Екі адам ауруханада түсіп, төрт адам қаза тапты. Жеңіл көліктің салонында мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы 35 жастағы Ардақ Райымбеков, оның жары және үш жасар ұлы болған. Сондай-ақ жол апатынан 53 жастағы әйел қайтыс болған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай