Жұмағалиев Абаевқа анықтамалармен "қоштасуды" тапсырды

20 Ақпан, 14:19
0
Жұмағалиев Абаевқа анықтамалармен "қоштасуды" тапсырды - Асқар Жұмағалиев, Дәурен Абаев.  ©Tengrinews.kz фотоколлажы
Асқар Жұмағалиев, Дәурен Абаев. ©Tengrinews.kz фотоколлажы

ҚР премьер-министрінің орынбасары - қорғанысы және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіріп, анықтамалармен "қоштасуды" тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты, смартфон арқылы халыққа жақын болу керек. Сізге олардың ХҚКО-ға бір-екі рет келіп, қалған уақытта компьютер арқылы қызметтерді алуы үшін мүмкіндіктер жасауыңыз қажет", - деді Жұмағалиев АКМ алқасының кеңейтілген отырысында. 

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік қызметтерді цифрландыру басты міндет екенін айтты.

"Сіз мұны қамтамасыз етуіңіз керек. Бұл анықтамалармен қоштасу қажет. Мен Facebook желісінде нақты анықтама қажет емес пе деп сұрадым? Көп адамдар "Иә, анықтама алудың қажеті жоқ" деді. Сондықтан мұнда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік органдармен тағы да саралауы керек. Дерекқорларды біріктіру есебінен бүгінде бір мемлекеттік органда алынып, сосын басқасына жіберілетін анықтамалардан бас тарту қажет, өйткені бұл шексіз шеңбер айналып жүре береді", - деді Асқар Жұмағалиев.

Айта кетейік, қаңтарда Жұмағалиев мекенжай анықтамасынан бас тартуды ұсынған еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай