27 қаңтар 2017 12:13

Жұмақанов наразылық акцияларына қатысты пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президентінің көмекшісі - ҚР ҰҚК хатшысы Владимир Жұмақанов наразылық акцияларына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президентінің көмекшісі - ҚР ҰҚК хатшысы Владимир Жұмақанов наразылық акцияларына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Былтыр біз өтініштердің төмен деңгейде қаррастырылуының қандай жағдайларға алып келгенін көрдік. Адамдар толық әрі нақты жауап алмағандықтан, осындай әрекеттерге барады. Оларға наразылық шараларын ұйымдастыруға тергеу жұмыстарының бастапқыдан нашар жүргізілуі себеп болды", - деді Жұмақанов Бас прокуратураның алқа отырысы барысында.

Сондай-ақ, Жұмақанов әр мәселені мұқият және әділ қарастырудын маңыздылығына назар аударды.

"Наразылық акциялардың бірнешеуі құқық қорғау органдарының аумағында болып, қоғам арасында үлкен шу шығарды - өзін-өзі өртеп жіберу, аштық жариялау. Адамдар прокуратурадан шындықты күтеді. Сіздер қажетті өкілеттегі бар инстанция болып саналасыздар. Әрбір мәселені мұқият әрі әділ қарастыру және қажетті қатаң шараларды қолдану аса маңызды", - деді Президент көмекшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов ведомство қызметкерлеріне мемлекеттік пайдалы іспен айналысып жүргендей көрінуді доғару керектігін айтқан еді. Оның айтуынша, прокуратура органдары заманауи менеджмент технологиясын енгізеді. 

Сондай-ақ, бүгін Бас прокуратураның алқа отырысында Қазақстанның шетелдегі 56 миллион доллар активіне тыйым салынғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети