02 шілде 2015 18:19

Жұмыс күшінің орнына роботтар келеді - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда көптеген мамандықтың "жойылатынын" ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен елдің индустриялды-инновациялық дамуына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында мәлімдеді.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда көптеген мамандықтың "жойылатынын" ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен елдің индустриялды-инновациялық дамуына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында мәлімдеді.

Отырыс барысында Президент үкіметтің, әкімдердің және министрлердің назарын бірқатар мәселеге бұрды. Олардың басым бөлігі қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға байланысты болды.

"Жаңадан құрылып жатқандардың, әрине зор тиімділігі бар. Қазір ауыл шаруашылығында ешқандай өндіріс жоқ. Ескі кәсіпорындар да өндіріс бермейді. Сондықтан, барлығыңыздың түсінулеріңіз тиіс, ескілердің біздің Қазақстанда болуы ол біз қалағандықтан емес, тиісті ғұмырын кешеді, себебі шығынды кәсіпорындар ешкімге керек болмайды. Олардың өмір сүруге қақылары жоқ", - деді Мемлекет басшысы жиналғандарға.

Елбасының ойынша, қазіргі кәсіпорындардың өндірісін ұлғайту қажет. "Ол үшін берекелі өндіріс жүйесі, роботтандыру элементтері, автоматтандыру, технологиялық желіні жаңғырту керек. Бұл көрсеткіштерді енгізу дегеніміз, жұмыс орындары қысқарады дегенді білдіреді. Артық адамдар қысқарады. Роботтар келеді. Бүгінгі мамандықтардың басым бөлігі болашақта жойылып кетеді. Мен әрдайым айтамын: бәсекелестікке дайындалыңдар. Қазір тағы да барлығыңа айтамын: тап сондай технологиялық жаңғыртуға дайындалыңдар. Қазір әлемде технологияның жылдам дамитыны соншалық, экономикаға мүлде жаңа тәртіп келеді. Біз индустрияландыруды жүзеге асырамыз, бізге уақыт ағымын артта қалдыру керек. Бұл әсіресе біздің дәстүрлі салаларымызға қатысты: металлургия, мұнай және химия", - деп мәлідеді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2 шілдеде Астанада Президент Нұрсұлтан Назабаевтың қатысуымен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен елдің индустриялды-инновациялық дамуына арналған жалпыұлттық телекөпір өтті.

Бұл шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа индустриялдық және инфрақұрылымдық нысандардың іске қосылуына старт берді. Онлайн режимінде Президент Астанадан 10 жаңа нысанды пайдалануға берді: Алматы облысындағы алюминий профильді өндіретін Aluminium of Kazakhstan ЖШС, полимер өнімін өндіруші Атырау облысындағы мұнай-газ химиялық кластер, ШҚО-дағы кеуекті титан өндіруші "ӨТМК" АҚ, Жамбыл облысындағы Бурное алаңындағы қуаты 50 Мегаватт күн электр станциясы Burnoye Solar-1 ЖШС, Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ №3 домна пешін қайта құру, Қостанай өңіріндегі "Лидер-2010" ЖШС сүт және қышқыл сүт өнімін шығаратын цехы, Маңғыстау облысындағы "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Боржақты - Ерсай" темір жолы, СҚО-дағы ауыл шаруашылық, тасымалдау және коммуналдық техника шығарушы "ҚАЗТЕХМАШ" ЖШС, ОҚО-дағы Кореяның Daedong компаниясымен бірге трактор өндіруші KAZ KIOTI ЖШС және Астанадағы көлік-логистикалық орталығы.

Сонымен қатар, Президент "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан бес инфрақұрылымдық нысанның құрылыс барысымен танысты. Олардың арасында: Алматы облысындағы автожол айналымы, Павлодардағы көпір, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысының арасындағы туннель, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе өңіріндегі индустриялдық аймақ бар. Индустриализация картасы аясында 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 20 жаңа жоба пайдалануға беріліп, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.

Телекөпір аясында отандық тауар өндірушілердің көрмесі болды. Еліміздің барлық өңірінен өз тауарларын 80-нен аса компания ұсынып, серіктестік жөнінде 20-дан аса меморандумға қол қойылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети