17 маусым 2014 10:23

Жұмысшылардың демалысын ойлайтын компанияларға салық жағынан жеңілдік беру керек - ҚТҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kapital.kz ©kapital.kz

Мемлекет қазақстандық компаниялар үшін қызметкерлердің демалысын төлеуге қажетті жағдай жасай білуі керек, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкеноваға сілтеме жасап.


Мемлекет қазақстандық компаниялар үшін қызметкерлердің демалысын төлеуге қажетті жағдай жасай білуі керек, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкеноваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан курорттарында демалуға мүмкіндік беретін жолдама ақысының басым бөлігін өз мойнына алатын отандық компанияларға салық жағынан жеңілдік беруге болады. Әйтпесе, олар үшін өз қызметкерлерін демалысқа жіберу тиімсіз кәсіпке айналмақ. ""Меніңше, бұл - жұмыс берушіні осы үрдіске (ішкі туризмді дамытуға - авт.) тартудың бірыңғай жолы. Қазіргі жүйе тиімсіз. Жұмыс берушілердің барлығы бірдей бүгінгі бастаманы қызу қолдап кетпейді. Сондықтан мемлекет алдымен тиісті жағдай жасаудан бастауы керек", - дейді Р.Шәйкенова. Маманның сөзіне қарағанда, туристік куәліктер енгізілген жағдайда оларды ең бірінші көпбалалы отбасыларға тарату қажет.

Айта кетейік, кеше Парламент Мәжілісінде отандық туризм саласын дамыту мәселесі бойынша баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев кәсіподақтардың жұмысшыларға беретін демалыс жолдамаларының жаңа үлгісін ұсынды. "Кеңестер кезінде кәсіподақ жолдамалары болатын. Қазір біз осының негізінде туристік куәліктерді енгізуді көздеп отырмыз. Оған сәйкес, демалыс ақысының басым бөлігін жұмыс беруші өтейді. Қазақстан азаматтары болса, 20-30 пайызын, ары кетсе, 50 пайызын төлейді. Соның арқасында біз жұмысшыларды сауықтыру шараларын күшейтіп қана қоймай, ішкі туризмді де жан-жақты дамыта аламыз", - дейді Ә.Исекешев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети