09 қазан 2015 11:09

Жүргізушілер иттерге жол беруге міндетті емес - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқан иттерге жол бермеген жүргізушілерге айыппұл салынбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогында жазылған.

Қолданушылардың бірі жануарларға қатысты жолда жүру ережесін бұзсам жауапкершілікке тартыламын ба сұрады: "Соңғы кездері қаладағы қаңғыбас иттердің жолда жүру ережесін сақтап, яғни жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен, бағдаршам арқылы жолдан өтетіндерін жиі байқайтын болдым. Оларға жол беру керек пе? Егер байқамай қалсам не болады, айыппұл салына ма?", - деп жазды автор министрдің блогына.

Өз кезегінде Қасымов былай деп түсіндіріп берді: "Жолда жүру ережелеріне сәйкес, жаяу жүргіншілер санатына мына тұлғалар да кіреді - мүгедек арбасы-креслосы арқылы қозғалатындар, велосипед, мопед, мотоциклмен жүретіндер, шана, арбаша мен бесік арбасын сүйреушілер. Осылайша, Сіз көрсетіп берген әрекет үшін жауапкершілікке тарту қарастырылмайды. Алайда жол қозғалысы қатысушыларына жолда абайлап жүру керек", - деп жазды ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети