08 ақпан 2019 12:23

Жуырда үшем босанған ана алты баласымен далада қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жуырда үшем босанған көпбалалы ана алты баласымен далада қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Жуырда үшем босанған көпбалалы ана алты баласымен далада қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның мәліметінше, көпбалалы ана жалдамалы лашықта тұрған. 

Фозила Досметова қазір екі айлық үшеммен бірге ауруханада жатыр. Ауырғандықтан емес, жалдаған үйінің санитарлық жағдайы талапқа сай болмағандықтан түсіп отыр екен. Сәбилердің жағдайы жақсы. Басылымның мәлімтінше, балалар дәрігерлердің қарауында.

"Ешқандай туысқаным жоқ, бір ғана нағашым бар еді, ол да болса өз күніңді өзің көр деп үйінен қуып жіберді. Содан бері пәтерден-пәтерге көшіп жүрмін. Балаларым үшін дәретхана да жудым, ыдыс та жудым - барлығын істедім. Енді қазір жұмыс істей алмаймын ғой. Балаларымнан обал. Қайда барамыз, не істейміз білмеймін. Елден көмек сұраймын, баспанам болса, алты баламның басын біріктірсем деймін. Үлкен үш баламның екеуі жалдап жатқан времянкамызда, бір қызымды қайтыс болған күйеуімнің анасының үйіне уақытша апарып тастадым. Сол балаларымды көрмегеніме да қанша уақыт болды", - деп мұңын шақты көпбалалы ана.

Фозиланың өзге үш баласы қараусыз қалып отыр. Кәмелет жасқа толмаған ұл-қызы өз бетінше күн көруге мәжбүр.

"Мектебімізге жету үшін таңғы сағат 6-да жолға шығамыз, бірінші 109-бен қырғы базарына, одан соң 32-ге мініп барамыз. Бірінші сабаққа үлгермейміз. Осы қаладағы мектепке ауысайын десек, бізді тұрақты тіркеулерің жоқ деп алмай жатыр. Қатты қиналып кеттік, інім екеуімізге күн сайын 1000 теңгедей кетеді, оны анамыздың құрбысы беріп тұр әзірге. Биыл мектеп бітіремін, тестілеуге дайындалуым керек, бірақ менде қазір ешқандай мүмкіндік жоқ, болашағыма сенбеймін", - дейді Фозиланың қызы Гузаль.

Басылымның мәліметінше, көпбалалы ана әзірше ауруханада тұрып жатқандықтан, оның құрбысы Ұлболсын Абдуалиева балаларға қарап жүр.

"Осы үйге де зар болып отырмыз. Үй иесі Астанада өртеніп кеткен 5 сәбидің оқиғасынан кйін мойныма балалар үшін жауапкершілік алмаймын, үйді босатыңдар деп отыр. Қазір күн суық, балалар қайда баратынын білмейді. Мен өзім пәтер жалдап тұрамын, күйеуім, енем, балаларым бар, бұл балаларды апаратын жерім де жоқ.  Осы кезге дейін пәтерақысын да төлеп келдім, бірақ менің де жағдайым керемет емес. Сол үшін көмек сұрап отырмыз. Осы балалар үшін барлығы", - дейді Абдуалиева.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері де бұл жағдайдан бейхабар емес екен. Аз болса да септігін тигізсін деп азық-түлігін арқалай келіп, алғашқы болып қол ұшын беріп жатыр.

"Көмектесемін деп жүрген өкілі бізге келсе біз барынша көмектесеміз. Құжаттарды тезірек жинақтауға да қол ұшын береміз. Көпбалалы анаға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер бар", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының аз қамтылған отбасылармен, зейнеткерлермен, ардагерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Ұлдана Бекбау.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети