12 шілде 2017 18:03

Жыл басынан бері 738 адам жол апатынан қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvc.ru © tvc.ru

Қазақстанда жарты жылда 738 адам жол апатынан мерт болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жарты жылда 738 адам жол апатынан мерт болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

"Биыл 6 айда еліміздің жолдарында 7127 жол-көлік оқиғасы болып, онда 9992 адам зардап шекті және 738 адам қаза тапты. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,7 пайызға төмендеген, зардап шеккендер 10,3 пайызға, қаза тапқандар 20,5 пайызға азайған", - дейді комитет өкілдері. 

Комитет өкілдерінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғалары Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көбірек тіркелген. Адам өлімі бойынша Алматы облысы бірінші тұр, онда 162 адам жол апатында қаза тапқан. Биылғы жылы ең үлкен жол-көлік оқиғасы Ақтөбе облысында болды, онда жалпы 16 адам зардап шегіп, тоғызы қаза тапты.

"Апаттылық картасы" Алматы қаласында  ЖКО жиі болатын жер Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысы екеенін көрсетті. Ол жерде 9 ЖКО тіркеліп, 10 адам зардап шеккен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети