29 мамыр 2018 11:49

Жыл басынан бері менингококк инфекциясынан 8 адам қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nvdaily.ru © nvdaily.ru

Жыл басынан бері менингококк инфекциясынан 8 адам қайтыс болған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жыл басынан бері менингококк инфекциясынан 8 адам қайтыс болған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл республика бойынша менингококк инфекциясы бойынша 62 дерек тіркелді. Оның 29-ы Алматыда, ШҚО, ОҚО және Астана - осы үш өңірдің әрқайсысында төрт жағдайдан тіркелді. Алматы облысында 3 жағдай тіркелді. Жыл басынан бері осы дерттен сегіз адам қайтыс болды. Оның төртеуі Алматыда және Алматы облысы мен ОҚО-да екі адамнан қайтыс болды", - деді Жандарбек Бекшин.

Осыған байланысты дәрігерлер дерттің алғашқы белгілері басталғанда - тамақ ауыру, бас ауруы, температура көтерілген жағдайда, денеде бөртпелер пайда болған жағдайда бірден 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем қызметкерлерін немесе учаскелік дәрігерді шақыруға кеңес береді.

26 мамырдағы жағдай бойынша, Алматыда 29 адамда менингококк инфекциясы расталды: 26 ересек адам және үш бала. Төрт адам жазылып, ауруханадан шықты, төрт адам көз жұмды.

Менингококк инфекциясы - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети