11 шілде 2019 | 14:57

Жыл басынан бері Шымкентте қанша құжатсыз қару тәркіленді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қалалық Полиция департаменті жыл басынан бері 34 қаруды заңсыз сақтап келгендерді анықтап, барлығын меншігінен айырып, тәркілеген, - деп хабарлайды "Отырар"


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қалалық Полиция департаменті жыл басынан бері 34 қаруды заңсыз сақтап келгендерді анықтап, барлығын меншігінен айырып, тәркілеген, - деп хабарлайды "Отырар"

Сондай-ақ, 30 азамат 39 бірлік отты атыс қаруы мен 21 027 дана ойық патрондарын сыйақы алу мақсатында өз еріктерімен тапсырған. Бұл жөнінде Шымкент қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының басшылығы мәлімдеді. Айтуларынша, биыл бұл мақсатта қазынадан 2 миллион 800 мың теңге қаралып, тиісті төлем өз еркімен қару тапсырған тұрғындарға үлестірілген. Қарулардың арнайы бекітілген талапқа сай болуын комиссия мүшелері анықтайды екен.

"Бағалау 3 санат бойынша болады. 100 пайыз, яғни су жаңа мылтық және ол ресми тіркелмеген болса, тиісті теңгені толығымен алады. Ал қарулар кейінгі - 2 немесе 3-санат деп табылса, олардың сыйақысы да кемиді. Айта кететін тағы бір мәселе - азаматтар кейде шатасып,  рұқсаты бар мылтықты әкеліп тапсырады, бірақ оларға ақша төленбейді.  Сондай-ақ, қабылданып алынған қарулар арнайы цейфке қойылып, жылына 1-2 рет арнайы комиссияның қатысуымен, жойылып отырады", - дейді Шымкент қалалық ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Асхат Шарафутдинов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети