13 ақпан 2019 | 16:05

"Жынымды келтірмеңізші". Ұлттық экономика вице-министрінің айтқаны Желіде талқыланып жатыр

видеодан үзінді

Желіде ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Журналистер вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған, осыған ол ашулана жауап беріп, олардың басқа шараға келгенін түсіндірген.

Реклама
Реклама

"Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз маған осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін, блин. Жынымды келтірмеңізші", - деді Жұманғарин. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"БЛИН, ЖЫНЫМДЫ КЕЛТІРМЕҢІЗШІ" - ВИЦЕ-МИНИСТР???? __________________________________________ Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге журналист @araysugirbay тариф бойынша қойған сұрағы ұнамай қалғанда айтқан жауабы осы болды бүгін.???????????? Тариф үшін бұл кісіге Президент желтоқсанда Қауіпсіздік кеңестің отырысында сөгіс жариялап еді. Содан, "тариф" сөзін естісе төбе шашы тік тұрып, жыны мұрнының ұшына келетін болып қалыпты!!!???????????? ____________________________________________ PS: Тілшілердің жауапты спикерге кез келген жерде кез келген сұрақты қоюға құқығы бар екенін вице-министр мырза білмесе керек!!!☝ ___________________________________________ #жаңалықтар #новости #актау #атырау #орал #актобе #астана #алматы #караганда #жезказган #шымкент #тараз #кызылорда #семей #талдыкорган #петропавл #павлодар #кокшетау #like4like

Публикация от ҚҰРАЛАЙ ПИОНЕР (@pioner_kuralay) 12 Фев 2019 в 10:20 PST

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері вице-министрдің әрекеті жайлы пікір беруге уәде берді. 

Әлеуметтік желіде вице-министрдің айтқаны кеңінен талқыланып жатыр. Қолданушылар мемлекеттік қызметкер осылай айтуға құқығы бар ма деген сұрақпен бас қатырып жатыр. "Неге ол былай сөйлейді? Біз оған кімбіз? Ол мемлекеттік қызметкер ме әлде қайда? Мен салық төлеуші ретінде мұндайды естігім келмейді", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі. 

Айта кетейік, былтыр қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жылу мен электрқуаты тарифтерін негізсіз көтеру мәселесін шешу тапсырмасын берген еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная