13 сәуір 2015 16:04

"Қағанат" асханасында шыққан өрт ауыздықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматыдағы "Қағанат" асханасында шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсенге сілтеме жасап. 80 шаршы метрді өрт шалды.


Алматыдағы "Қағанат" асханасында шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсенге сілтеме жасап. 80 шаршы метрді өрт шалды.

"Сәтбаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының арасында орналасқан "Қағанат" асханасының самалдығында шыққан өрт жайлы хабар 101 пультіне 14.27-де түсті. 14.33-те оқиға орнына негізгі құрамның 10 техникасы, 2 арнайы техника және Алматы ТЖД жеке құрамының 30 адамы келді. 15.00-де өрт шектеліп, 15.15-те толықтай ауыздықталды", - деді Дүйсен.

ТЖД баспасөз хатшысының айтуынша, Алматыдағы "Қағанат" асханасында шыққан өрттен кейін оның маңындағы студенттер жатақханасынан 150 адам эвакуацияланды. Бірақ ол асхананың самалдығында өрт шыққанда қанша адамның болғанын анық айта алмады. "Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Осы оқиғадан кейін "Қағанат" асханасында тексеріс жүргізіледі", - деді Дүйсен. Куәгерлердің айтуынша, Алматыдағы өрт ашық ауада пісірілген донерден болуы мүмкін. Айта кетейік, қазіргі уақытта ғимараттың есіктері мөрмен басылған қағазбен жабыстырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети