27 қаңтар 2020 08:48

Қала билігі астаналықтарға үндеу жасады: Нұр-Сұлтанда жұмыс күнін қысқарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндеудің видеосынан алынған кадр Үндеудің видеосынан алынған кадр

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов пен қалалық ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов және қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев елорда тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты үндеу жасады. Үндеудің видеосын Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін 27 қаңтар, түнгі сағат үш. Ауа райының бұзылуына байланысты мектептерде, колледждерде сабақ өтпейтін болды. ЖОО-лар мен орта білім мекемелерінде сабақты тоқтатуды сұраймыз, ал бизнес-құрылымдар мен ұйымдарға, мекемелерге жұмыс күнін қысқартуға кеңес береміз", - деп мәлімдеді Сыздықов.

"Коммуналдық қызметтер қар қалың түсуіне байланысты тәулік бойында жұмыс істеп жатыр. Барлық учаскеде арнайы техника бар. Алайда жолды қар жауып қалып жатыр. Сондықтан қозғалысты шектеуге және артық сапардан бас тартуға кеңес береміз", - деді әкімнің орынбасары.

Ал полиция департаменті қозғалысқа қатысушыларды, жаяу жүргіншілерді қажет болмаған жағдайда ешқайда шықпауға шақырды.

"Қоғамдық көлікке мініңіздер. Бір тәуліктің ішінде 100-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді", - дейді Ержан Сәденов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети