03 ақпан 2015 12:28

Калачи ауылынан дәрігер көшіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ренат Ташқынбаев ©Ренат Ташқынбаев

Ақмола облысының атышулы Калачи ауылында 22 жыл дәрігер болып қызмет еткен Татьяна Протасова елді мекеннен отбасымен бірге көшіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысының атышулы Калачи ауылында 22 жыл дәрігер болып қызмет еткен Татьяна Протасова елді мекеннен отбасымен бірге көшіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Протасовтар отбасына Щучинск қаласынан екі бөлмелі пәтер берілді. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданындағы іссапары барысында көшіп барғандардың үйінде болып, оларды жаңа қоныстарымен құттықтады. Татьяна Протасова аймақ басшысымен әңгіме барысында оның жасаған мүмкіндіктері үшін алғысын айтып, жұмысқа тұрудың қиын болмағанын жеткізді. 

Айта кетейік, Татьяна Протасова Красногор дәрігерлік амбулаториясында 22 жыл дәрігер болып қызмет еткен. Щучинскіге көшіп барғаннан кейін аудандық емханаға терапевт болып жұмысқа орналасты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Татьяна Протасова Калачиден көшу оның отбасы үшін өте маңызды шешім болды деп есептейді, себебі ол үшін баласының өмірі мен денсаулығы бәрінен де маңызды. 

Айта кетейік, "ұйқышылдық ауруының" белгілері бар науқастар ең бірінші Красногор дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Жергілікті медицина қызметкерлері Tengrinews.kz тілшілеріне берген сұхбаттарында болып жатқан жайттарға қарап, өздерінің де ауылдан көшіп кетуі мүмкін екенін мойындады. Медициналық қызметкерлер өз денсаулықтары үшін алаңдап, ұйықтап қалмау үшін белсендірілген көмір мен дәрумендерді өте көп мөлшерде ішіп жатқанын айтты. 

Фотода Красногор дәрігерлік амбулаториясы, ол Калачи ауылына жақын орналасқан. 

Tengrinews.kz бұған дейін Калачи тұрғындарының прокуратураға арыз жазғаны туралы хабарлаған болатын. Олардың басым бөлігі облыс басшылығының ұйымдастырып отырған халықты көшіру жұмыстарын негізсіз деп есептейді. Калачиден 16 отбасы көшірілді. Ал қалғандары ұсынылып отырған жағдаймен келіспеді, айта кетейік, көшіру басталғанға дейін 219 отбасы немесе 532 тұрғын есепке алынған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети