10 қараша 2016 15:49

Қалалық мәслихат депутаттары Астана көшелерінің жаңа атауларын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazdemalu.kz © kazdemalu.kz

Елордада Орынбор көшесінің атауын Мәңгілік ел деп өзгерту және атаулары қайталанатын көшелерді жаңаша атау мәселесі көтерілді. Кезектен тыс 11-ші сессия барысында қалалық мәслихат депутаттары ономастикалық комиссия ұсынған жаңа көше атауларын мақұлдап, бұл мәселеге нүкте қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Алматы" ауданында Хусейн бен Талал көшесі пайда болады, оның жобалық атауы 23-17 болған, Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31 көше), және А19 деп аталған көшеге Темірбек Жүргеновтың есімі берілді. Ал бұрынғы Хусейн бен Талал көшесі енді Ұлы Дала даңғылы деп аталады. Иван Панфилов атындағы көше Сәкен Жүнісов көшесі деп өзгертілді, ал Бейімбет Майлин және жобалық атауы А193 көшесі біріктірілетін болды. Еңбекшілер көшесі №36 көшемен біріктіріліп, Әлихан Бөкейханов даңғылы деп аталады. Ал "Сарыарқа" ауданындағы осы аттас көшеге Әзербайжан Мәмбетовтың есімі берілді. "Есіл" ауданында жобалық атаулары ғана болған 10 көшеге жаңа атаулар берілді. Солардың бірі  Е10 көшесі Орынбор көшесі деп аталады. Одан басқа, сол жағалауда Нияз би, Нұрпейіс Байғанин, Сұлтанбек Қожанов, Қайым Мұхамедханов, Никола Тесла, Рабиға Есімжанова, Саттар Ерубаев, Ханшайым Сүйінбике және Бұқар жырау есімдерімен аталатын көшелер пайда болды. Әділет органдарында тіркелген соң он күн өткен соң бұл шешім күшіне енеді. Демек, елорда тұрғындары мен қонақтары қалада адаспас үшін көшелердің жаңа атауларын біліп алу қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети