03 мамыр 2014 16:50

Қалдықтарды жаңбыр құртының көмегімен кәдеге асыруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ecocluster.ru сайтынан алынған Сурет ecocluster.ru сайтынан алынған

"Қазақстанда қалдықтарды кәдеге асыру мәселесін шешу үшін жаңбыр құртын өсіруді ұсынды. Мұндай пікірді Астанада АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші мәжілісі аясында «жасыл экономика әлеуметтік даму және кедейшілікті жою факторы» панельдік сессиясында «жасыл экономика үшін Коалициясының» және G-Global даму басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz отырыстың ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Хабарламада, бүгінгі таңда, Қазақстанда 30 миллиард тонна қалдық бар, сондықтан қалдықты кәдеге асыру ең бір өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны жайлы айтылды.

Рахымбекова атап өткеніндей, вермимәдениет АҚШ-та кең тараған, оны фермерлердің 20 пайызы пайдаланады. Осыған орай коалиция төрайымы Қазақстанда да осы тәжірибені енгізу керектігін айтты. Ол: "Қазақстанда өндірістік көлемде осындай жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта облыс орталықтарында бұл жолды жалғастырушылар бар", -деді.

"Біз Коалицияда вермимәдениетті дамыту жағдайларын есептедік, негіздеме жасадық, ниет білдірушілердің пайдалануына болады. Тәжірибені өзіміз ұсынамыз. Сондай-ақ, осы бағытты дамытуға қаржы алу мүмкіндігі де бар," - деп сөзін түйіндеді.

Вермимәдениет - арнайы фермаларда жауын құрттарын өсіру. Алғаш рет жаңбыр құртын өсіретін шаруашылық өткен ғасырда 40-шы жылдардың соңында АҚШ-та ашылған. Вермимәдениет органикалық қалдықтарды жоюдың басым бағыттарының бірі болып табылады. Екінші бөлігінде жаңбар құртын мал жеміне белокты қоспа ретінде пайдалануға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети