19 сәуір 2018 19:33

Қалетаевқа Астанадағы ҚМДБ жаңа ғимараты көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Астана қаласындағы республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітін зиярат етіп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жаңа қызметке жақында кіріскен министр Бас мешіттің жай-күйімен жақын танысып, құтты мекенде ҚМДБ басшыларымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі діни басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрметті қонақты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алып, құлшылық ордасын аралатып шықты. Еліміздің мақтанышына айналған "Әзірет Сұлтан" мешітінің көркем сәулетін тамашалап, құнды жәдігерлерімен танысқан Дархан Кәлетаев өз сүйсінісін білдіріп, Бас мешіт мәртебесінің биіктей беруін тіледі.

Сондай-ақ, мешіттің үшінші қабатында орналасқан оқу залдарын аралап, қызметтік бөлмелерге бас сұқты. "Әзірет Сұлтан" мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтының редакциясы мен "Хикмет" телерадио студиясының жұмыстарымен танысып, оң бағасын берді.

Дін істері және азаматық қоғам министрі құлшылық ордасындағы сапары аясында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесуге ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов және Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Онғарбаев, Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Мырзабек Балғаевтар қатысып, Қазақстандағы діни ахуал жайында сөз қозғады.

Кездесу барысында еліміздегі оқу-ағарту, діни сауаттандыру жұмыстары, теріс ағымдармен күрес шаралары, мешіттер жай-күйі секілді түйткілді тақырыптар айтылып, жұмыс нәтижелері таныстырылды. Министр мырза ҚМДБ бастамасымен жарияланған биылғы "Ислам және отбасы" жылы аясындағы жұмыстарға ерекше қызығушылық танытып, дамыта түсу керектігін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети