28 наурыз 2017 11:44

Қалыңдықтар 31 арнадағы тартысқа дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпан айының басында 31 арнадағы рейтингі ең жоғары бағдарламалардың бірі "Келіндер бәйгесі" релити-шоуының үшінші маусымының түсірілімі басталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпан айының басында 31 арнадағы рейтингі ең жоғары бағдарламалардың бірі "Келіндер бәйгесі" релити-шоуының үшінші маусымының түсірілімі басталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл жолы жоба жасаушылар Қазақстанның Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, және еліміздің Қытаймен шекарадағы аудардарында тұратын қалыңдықтарға баса назар аударған. Сол себепті шоу қызықты болады деген үміттеміз", - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, "Келiндер Бәйгесiнің" үшінші маусымының түсірілімі сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Жаңа шығарылымдардан 31 арнаның көрермендері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс амақтарында ұстанатын салт-дәстүрлерге қанығып, қытайда тұратын қандастарымыздың той ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысады.

"Келіндер бәйгесі" шоуының алдыңғы екі маусымының жоғары рейтингке ие болуы қазақстандықтардың бұл жобаға қызығушылығы жоғары екенін байқатады. Жаңа маусымда да сол жоғары нәтижені ұстап қалады деген үміттеміз", - дейді 31 арнаның Атқарушы продюсері Әсел Тоянова. 

Естеріңізге сала кетейік, реалити-шоудың екінші маусымына Қазақстанның Батыс, шығыс және Солтүстік аймақтарында орналасқан қалаларда, сондай-ақ Павлодар мен Ақтөбеде тұратын қалыңдықтар қатысқан болатын. Шоудың ережесі бойынша, жаңа шығарылым сайын 4 қалыңдық бір-бірінің тойына барады. Той әртүрлі қалада өтуі мүмкін. Олар бір-бірінің тойына қатысып, ұйымдастыру деңгейіне өз бағаларын береді. Сонымен бірге, жоба аясында арнамыздың көрермендері кәсіби той мамандарының кеңестерін тыңдай алады.

31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша, "Келіндер бәйгесі" - шын мәнінде бүкілхалықтық өнім. Оны бүкіл отбасымен көру керек. Жоба арқылы көрермендер кейіпкерлеріміздің өміріндегі ең басты қуанышты бөлісіп, керемет көңіл-күйге бөленіп, Қазақстандағы той өткізу ерекшеліктеріне жан-жақты баға беруге атсалысады.

Мамыр айында 31 арнадан "Келіндер бәйгесінің" жаңа маусымын тамашалаңыздар!

Отыз бірінші арна - таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – "Отбасымен бірге көрейік!". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети