04 наурыз 2014 08:58

Кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған БҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Кәмелетке толмаған балдызын зорлауға әрекет еткені үшін Батыс Қазақстан облысының тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Араққа сылқия тойып алып, 15 жасқа жаңа толған қыздың арын аяққа таптамақ болғаны үшін 32 жастағы ер кісіні абақтыға қамауға үкім шықты. Ол ата-анасының жұмыста, қыздың үйде жалғыз екенін біліп, балдызын күшпен шешіндірмек болған. Бірақ қыз белсенді қарсылық көрсеткен. Ол оның дегеніне көнбей, темір кілтпен ұрып жібергенде, зорлықшы тепе-теңдікті сақтай алмай, жерге құлап түседі. Сол сәтті пайдаланып, қашып шыққан қыз көршілерден көмек сұрап үлгереді. БҚО соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот-медициналық сараптамаға сәйкес қыздың денесінде түрлі жарақат іздері қалған. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі және 120-бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп тауып, жазасын сегіз жыл қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге, сонымен қатар маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге кесті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети