Қапшағайда мұз жарылып, Lexus суға кетті

12 Ақпан 2018, 14:39
0
Қапшағайда мұз жарылып, Lexus суға кетті - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, су астына кеткен Lexus көлігін шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 12 ақпанға қараған түні болған. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері жол талғамайтын көлікте үш адам болғанын, абырой болғанда, ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. 

"Көлік "Голубой залив" су қоймасы маңында мұз бетімен жүріп келе жатқан, жағадан 5000 метр жерде. Олар мұздың жұқа тұсына кеп қалды. Қазір мұздың қалыңдығы - шамамен 10 сантиметр. Олар әуесқой балықшылар болса керек. Бұл туралы таңертең сағат 09:32-де хабарлады. Қазір оқиға орнында Алматы облысы ТЖД-нің УАЗ көлігін мінген төрт қызметкері: ТЖ бөлімінің басшысы мен үш құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Мұздың жұқалығынан қиындықтар туындап жатыр," - деп хабарлады ТЖ өкілдері. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай