09 қараша 2017 17:30

Қар, жаңбыр және көктайғақ. Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kmvcity.ru © kmvcity.ru

Синоптикалық жағдайдың өзгеруінің күтілуінің салдарынан 10 қарашада бірнеше аймақтарда дауылдық ескерту жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптикалық жағдайдың өзгеруінің күтілуінің салдарынан 10 қарашада бірнеше аймақтарда дауылдық ескерту жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

10 қарашада тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрлі жел күшеюі күтіледі.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде жел 15-20, екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді. Өскемен қаласы бойынша 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейуі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85 пайыз", - делінген хабарламада. 

10-12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети