Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қар құрсауынан 1140 адам құтқарылды

16 Наурыз 2014, 17:42
0
көрнекі сурет
көрнекі сурет
Соңғы бірер тәулікте қар құрсауында қалған 1140 адам құтқарылды. Сондай-ақ, 296 техника, соның ішінде 2 автобус қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен түнде Қарағанды облысында қалың қарда қалған 30 адам құтқарылған. Оның ішінде Түркияның 2 азаматы бар. Ал, өткен сенбіде Ақмола облысының Егіндікөл-Новочеркасское автожолында шағын 3 жолаушылар автобусы мен 5 жеңіл автокөлік, 27 адам шығарылған еді. Сондай-ақ, кеше Макинск-Степногорск автожолында қалың қардан 16 адам, 4 жеңіл көлік, 2 жүк көлігі шығарылды. Лесное-Приозерное автожолында 17 адам, 6 жеңіл көлік құтқарылды. Хромтау ауданында да осы жағдай қайталанып, Самара-Шымкент автожолының Престорный ауылы маңында қалың қар салдарынан көлік кептелісі пайда болып, 360 адам құтқарылды. Олар Ақтөбе мен Хромтауға жеткізілді.

"Қостанай облысында бір тәулік ішінде 280-нен астам адамды, Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулік ішінде 390-нан астам адам құтқардық. Қазақстан бойынша 1140 адам, 296 техника, соның ішінде 2 автобус қар құрсауынан шығарылды" дейді ТЖМ-нің мамандары.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай