30 шілде 2014 17:29

Қарабалин Қашаған кенішінің қашан іске қосылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашаған кеніші ©REUTERS Қашаған кеніші ©REUTERS

Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы жанданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұнай және газ министріне сілтеме жасап.


Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы жанданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұнай және газ министріне сілтеме жасап.

"Қашағандағы жағдай мұнай құбыры мен газқұбырын толық ауыстыру қажет етеді. Құбыр жүйесін толық ауыстыру үшін 200 шақырымға жететін құбыр сатып алу керек. Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жобасы дайындалуда. Мұның екі нұсқасы бар. Бірі оптимистік нұсқа бойынша, кеніштегі өндіру жұмыстары 2016 жылдың бірінші жартысында басталады, екінші нұсқа бойынша, есептеу негізінде газқұбырының құрылысы толық аяқталған жағдайда 2016 жылдың екінші жартысында басталады. Бұл туралы жұмыстар қазір нақтылануда", - деді министр Ұзақбай Қарабалин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Бұдан сәл ертеректе, Қашанғандағы жаңа оператор 2014 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі делінген еді. Министрдің айтуынша, қазір жаңа операторды қалыптастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол сондай-ақ, құбырларды дайындау жұмыстары тамыз айына жоспарланып, алғашқы легін жеткізу 2014 жылдың желтоқсан айына жоспарланғанын атап өтті.

Қашаған кенішінен мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталған болатын. Алайда 24 қыркүйекте "D аралынан" Болашақ зауытына тасымалдайтын құбыр жолын жоспарлы тексеру кезінде газдың кеміп қалуы анықталған еді. Кейіннен Қашағандағы өндіру жұмыстары тоқталғаны белгілі болды. Жөндеу жұмыстары аяқталып, 6 қазанда қайта іске қосылғанымен газдың кемуі тағы байқалған-тын. Содан кейін мұнай өндіру біржола тоқтатылды. Бұдан кейін 2014 жылы өндіру жұмыстары басталмайтыны белгілі болып отыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети