30 қараша 2018 12:27

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермағанбет Бөлекбаев. © karaganda-region.gov.kz Ермағанбет Бөлекбаев. © karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына осыған дейін ҚР Президент Әкімшілігінде қызмет еткен 43 жастағы Ермағанбет Бөлекбаев тағайындалды. Бұл қызметте ол энергетика, коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелеріне жетекшілік етеді.

Кадрлық өзгерістер жайлы облыс әкімі Ерлан Қошанов актив отырысында мәлімдеді.

"ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен менің бұйрығыммен Бөлекбаев Ермағанбет Қабдоллаұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Жаңадан тағайындалған орынбасар алдына негізгі міндеттер қойылды. Басты назарды ол жылыту маусымының тұрақты өтуіне және қызмет көрсетушілердің тарифтік саясатына аударуы тиіс. 


© karaganda-region.gov.kz

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданының Өспен ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: "Қаржы және несие" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, 2003 жылы А.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін аяқтаған. 

Мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық мемлекеттік органдарда еңбек ету тәжірибесі бар. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен. ҚР Парламент Сенаты депутатының көмекшісі болған. 2003-2009 жылдар аралығында Павлодар облысында жетекшілік қызметтерді атқарған: облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Павлодар ауданының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы. 2009 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ Астанадағы басқармаларына жетекшілік еткен.

2013 жылдың маусымынан бастап 2018 жылдың ақпанына дейін Астананың үш аудандарының әкімі болған: Сарыарқа, Алматы және Есіл. 2018 жылдың ақпанынан бастап осы күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

"Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети