15 мамыр 2017 17:36

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы әкімінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелері бойынша орынбасары қызметіне осыған дейін Саран қаласының әкімі лауазымында болған Анатолий Шкарупа тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы әкімінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелері бойынша орынбасары қызметіне осыған дейін Саран қаласының әкімі лауазымында болған Анатолий Шкарупа тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен менің жарлығым бойынша Ляпунов Андрей Василий ұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Өздеріңіз білесіздер, Андрей Василий ұлы екі жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелеріне жетекшілік етті. Ол өзін облысымыздың ең күрмеулі салаларын тамаша білетін білікті маман ретінде көрсете білді", - деді Ерлан Қошанов.

Жедел әрі дер кезінде атқарылған іс-әрекеттердің арқасында Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының салдарын азайтуға мүмкіндік туды деп атап өтті облыс әкімі. Ерлан Қошанов Андрей Ляпуновқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен менің өкімімен облыс әкімі орынбасары қызметіне Шкарупа Анатолий Валерий ұлы тағайындалды", - деді облыс әкімі.

Ол жаңа орынбасар алдына аймағымыздың келесі жылғы жылыту маусымына дайындығы және ТЖ-дың алдын алу бойынша бірнеше міндеттер қойды.

Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-экономист.

Еңбек жолын 1998 жылы "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "КЕGOС" ЖАҚ-да бастаған. Онда жетекші маман қызметінен департамент директорының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

2005 жылдан 2013 жылға дейін мемлекеттік қызметте болған. Электр және жылу энергетикасы саласын реттеу және бақылау департаментінің басшысы қызметін, соңыра ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған. "ТКШ жаңғырту және дамыту Қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасы болған. 2014 жылдың қараша айынан бастап Саран қаласының әкімі лауазымына тағайындалған. ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети